Сенсациядан кейін анасына жүгіріп барған футболшы Желі қолданушыларын тәнті етті

Сенсациядан кейін анасына жүгіріп барған футболшы Желі қолданушыларын тәнті етті
Фото: AZ40K видеосынан кадр

10 желтоқсанда Марокко құрамасы сенсация жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Сол кезде Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими жанкүйер болып отырған анасына жүгіріп барып, құшақтап, қуанышын жасыра алмаған. Анасы мен баласының жантебірентер суреттері Желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда Марокко құрамасы Португалиямен кездесті. Бұл ойында еуропалық ұжым фаворит саналған. Дегенмен бірінші тайм тең деңгейде өтті. Ал 42-минутта Юссеф Эн-Несири баспен дәл соққы жасап, Марокконы алға шығарды. 

Роналду үйіне қайтады. Әлем чемпионатында тағы бір сенсация тіркелді

Ал үзілістен кейін доп толығымен Португалияның иелегінде болды. Еуропалық ұжымның есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ марокколық қақпашы Яссин Буну әр соққыны кері қайтара алды. Екінші таймда алаңға шыққан Криштиану Роналду да өз командасына көмектесе алмады.

Осылайша, Марокко жеңіс есебін соңғы ысқырыққа дейін ұстап тұрып, сенсация жасай алды. Марокко - әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық клуб.

Ашраф Хакими Марокко құрамасы жеңіске жеткеннен кейін жанкүйер болып отырған анасына жүгіріп барып, құшақтасып, сүйген. Анасы мен баласының суреттері желіде тарап кетті.

Ашраф Марокко құрамасы 27 қарашада Бельгия құрамасымен кездескен кезде де анасына жүгіріп барып, футболкасын сыйлаған. 

"Мен сені жақсы көремін, анашым", - деп жазды Ашраф. 

Фото: instagram.com/achrafhakimi

Желі қолданушыларына футболшының бұл әрекеті ұнаған. 

"Қандай керемет сәт. Көзінен ұлына деген мақтанышты көруге болады, отбасыңыз аман болсын", "Ананың махаббаты шексіз ғой!", "Бұл сәтті көргенде көзіме жас келді, өте әсерлі сәт", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина