Ангелина Лукас кәсіпқой бокста титул иеленді

Ангелина Лукас кәсіпқой бокста титул иеленді
Фото: ©instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үшінші жекпе-жегін Алматыдағы бокс кешінде өткізді. Қарсыласы танзаниялық Лулу Кайаге болды. Боксшылар аса жеңіл салмақтағы UBO World белбеуін сарапқа салды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды - Кайаге кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Лукас, осылайша, үшінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Ал Кайаге тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш