Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Футболдан Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан ұтылып қалды, - деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесудегі жалғыз гол 42-минутта соғылды. Голдың авторы - Юссен Эне-Нессери. Осылайша, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездесетін болды. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді. 

Бұл ойыннан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш мәлемдеме жасап - "Ертең Лиссабонға барамын. Сол кезде президентпен кездесіп, жұмысымды сөйлесемін", - деді. 

Ал италиялық инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, Сантуш жуырда қызметінен қуылады. 

Еске салайық, 68 жастағы маман құраманың тізгінін 2014 жылы ұстаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова