Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.

"Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда", - деп жазды Ербосынұлы.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған "миына қан кету" диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова