Криштиану Роналду МЮ басшылығын сынағаннан кейін клубтан кетті

Криштиану Роналду МЮ басшылығын сынағаннан кейін клубтан кетті
Фото: Reuters

"Манчестер Юнайтед" пен Криштиану Роналду келісімшартты үзді. Ағылшын клубы бұған қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Криштиану Роналду өзара келісім бойынша "Манчестер Юнайтедтен" кетеді. Клуб оған "Олд Траффордтағы" екі кезеңінде командаға үлесін қосып, 346 матчте 145 гол соққаны үшін алғысын білдірді. Оған және оның отбасына болашақта бар жақсылықты тілейді.

"Манчестер Юнайтедте" бәрі Эрик Тен Хаг басқаратын команданың алға басуына және алаңда жеңіске жетуі үшін бірге жұмыс істеуге көңіл бөледі", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұдан бұрын 37 жастағы футболшы сұхбат беріп, "Манчестер Юнайтед" басшылығын сынға алған болатын. Сол сұхбатында "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Эрик Тен Хагты сыйламайтынын айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш