Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулын қорғап қалды

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулын қорғап қалды
Фото: Top Rank

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 KO) жеңіп, әлем чемпионы титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған Әлімханұлы мен Бентли Лас-Вегаста жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан