Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионы атанды
Фото: ҚБФ

Бүгін, 12 қараша Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалдық кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

48 келіде өнер көрсететін Санжар Ташкенбай жапониялық Аратаке Кадзумамен айқасқа шықты. Үш раунда қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Санжарға берді. 

Осылайша, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына бірінші алтынды салды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек