Қазақстандық боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: © olympic.kz

Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Аммандағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақтағы жарыста 1/8 финалда ол түрікменстандық Ихлас Гылычжановпен жұдырықтасты. Теміржанов қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. 

Еске салайық, Серік Теміржанов былтыр Белградта өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған, сонымен қатар ол - жастар арасында Азия чемпионы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш