"Канело" Головкиннің мықты тұстарын айтты

"Канело" Головкиннің мықты тұстарын айтты

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Мен Головкиннің ең мықты нұсқасына дайындалып жатырмын. Ол ақылды боксшы. Соққысы да ауыр. Оны нокаутқа түсіру қиын. Бірақ мен алдағы жекпе-жекте не істеу керектігін білемін. Сол үшін мен жеңіске жетемін", - деп келтіреді "Канелоның" сөзін diaadia.com.pa порталы. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Г. Досымшалова