- Негізгі бет
- Спорт
- "Қазақ титаны" "ирандық...
"Қазақ титаны" "ирандық Халкты" нокаутқа түсірді
"Қазақ титаны" лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Жұманов өзін "ирандық Халк" деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл - сенің өміріңдегі ең үлкен қате. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", - деп айтқан болатын.
Г. ДосымшаловаПосмотреть эту публикацию в Instagram