Қазақстандық футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді

Қазақстандық футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған болатын.

Ойыншының допинг сынамасы оң нәтиже бергенін журналист Сергей Райлян мәлімдеді.

"Ол футболға 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін орала алмайды. Бұл мансаптың соңы ма?", - деп жазды Райлян.

Әбікен наурыз айында Молдовамен өтетін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған. 2022 жылы ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық "Ақсу" командасының ойнаған.

Айбол Әбікен - Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы "Қайрат" сапында өткізген.

Г. Досымшалова