Головкин "Канело" туралы ешкім күтпеген шындықты айтты

Головкин "Канело" туралы ешкім күтпеген шындықты айтты

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) қарсыласы Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ол мені шынымен, алаңдатпайды, ол туралы ойламаймын. Қайда және не істеп жүргені маңызды емес. Адамдар "Канелоға" тым көп назар аударып, асыра мақтап жіберген. Оның статистикасына қараңыздар: маған қарағанда жеңілісі көп. Осы жағынан адамдар көктен жерге түсіп, оны өздерімен бірге ала түссін. 

Нью-Йорк және Лос-Анджелестегі екі баспасөз қызметі екі түрлі болғанын байқаған боларсыздар. Оның жекпе-жекке ешқандай жоспары жоқ деп айта аламын. Әйтеуір бір агрессиясы бар, алайда, не істеп жүргендерін өздері нақты білмейді. Көреміз", - деді Головкин Independent басылымына.

Г. Досымшалова