"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының финалына шықты

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Футболдан Чемпиондар лигасының финалына шыққан бірінші команда – "Манчестер Сити". Ағылшындық клуб қарымта ойында да Париждің ПСЖ клубынан басым түсті.

Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы екі голды да Рияд Марез (11, 63 минутта) соғып, дубль жасады.

ПСЖ ойынды 10 ойыншымен аяқтады. 68 минутта Анхель Ди Мария қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын манчестерлік команда өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Айта кетейік, Парижде өткен бірінші ойында да жеңіске жеткен болатын. Ағылшындық клубтың финалдағы қарсыласы бүгін түнде өтетін "Челси" - "Реал Мадрид" ойынында анықталады.

 

Н. Үсенова