Франция құрамасы Қазақстаннан 3 ұпай алып кетті

Франция құрамасы Қазақстаннан 3 ұпай алып кетті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы ойын аяқталды. "Астана Аренадағы" кездесуде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Француздар ойындағы екі голды да бірінші таймда соқты. 19 минутта "Барселонада" ойнайтын Усман Дембеле гол соғып, есеп ашты. Оның шірене тепкен добын Александр Мокин қайтарып үлгермеді.

44 минутта Сергей Малый команда қақпасын голдан сақтап қалғанмен, артынша бұрыштамадан көтерілген допты өз қақпасына енгізіп алды.

Екінші таймда алаңға жанкүйерлер күткен Килиан Мбаппе шықты. 75 минутта оған қарсы айып алаңы ішінде ойын ережесі бұзылып, пенальти белгіленді. Оның 11 метрден тепкен добын Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокин сәтті қайтара білді.

Екі ойыннан кейін 4 ұпай жинаған Франция құрамасы D тобында бірінші орынға шықты. Қазақстан құрамасы 31 наурыз күні Украинамен кездеседі. Ал 1 сәуірде Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткізеді.

Н. Үсенова