Қазақстан мен Франция арасындағы ойынды қайдан көруге болады?

Қазақстан мен Франция арасындағы ойынды қайдан көруге болады?
Фото: kff.kz

Бүгін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франция ұлттық құрамалары кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 19:00-де басталады.

Қазақстандық футболшылардың әлем чемпиондарына қарсы ойыны "Астана Арена" алаңында өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Сондай-ақ кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.

Франция мен Қазақстан іріктеу кезеңінде бір топқа (D тобы) түсті. Дидье Дешам шәкірттері осыған дейін бір ойын өткізіп үлгерді. Өз алаңында Украинамен ойнап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Қазақстанға қарсы екінші ойынына шығады.

D тобында Франция мен Украинадан өзге Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға жарақатына байланысты ұлттық құраманың белді ойыншылары Бахтиер Зайнутдинов пен Дмитрий Шомко қатыса алмайды.

 

Н. Үсенова