Күш атасы – Қажымұқанның 150 жылдығына орай "Өнер барысы" өтті

Күш атасы – Қажымұқанның 150 жылдығына орай "Өнер барысы" өтті

Шымкентте әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай қазақ күресінен "Өнер барысы" жобасы өтті.

Шара Қазақстанның Qazaq kuresi Ассоциациясының қолдауымен өткізіліп отыр. Өнер барысы жобасына өнерде жүрген, сайдың тасындай іріктелген 20 палуан қатысты.

74 келіде бірінші орынды актер Асылхан Төлепов иеленсе, 82 келіде Арман Қоңыр ең үздік атанды. 90 келіде актер Еркебұлан Дайыров мықтылығын танытса, 90 келіден жоғары салмақта Тәуекел Мүсілім бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

74 келі:

Асылхан Төлепов
Азимжан Сайдбаев
Ақболат Өтебай
Нұрым Досбол

82 келі:

Арман Қоңыр
Аян Өтепберген
Бейбіт Көшқалиев
Асылхан Дүкенбаев
Марат Сәрсенбаев
Нұрсұлтан Үсенов
Мейірхан Шернияз
Данияр Бекжан

90 келі:

Еркебұлан Дайыров
Мейіржан Төребаев
Шаһаризат Сейдахмет
Ұлан Мамырбекұлы

+90 келі:

Тәуекел Мүсілім
Сырымбет Бибосын
Ақылбек Іскендір
Жасұлан Айтен

Т. Раушанұлы