Альварес үш белбеуді қанжығасына байлады

Альварес үш белбеуді қанжығасына байлады
Фото: cbssports.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) британиялық Каллум Смитке (27-1, 19 КО) қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті.

АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде "Канело" мен Смит екінші орта салмақтағы WBA (Super), The Ring және WBC белбеулерін бәске салды.

12 раундқа созылған жекпе-жекте "Канело" төрешілердің (119-109, 119-109, 117-111) шешімімен жеңіске жетті. Осылайша мексикалық боксшы мансабындағы 54-ші жеңісіне қол жеткізсе, Смит алғашқы рет қарсыласына есе жіберді. 

А. Рысдәулет