Головкин мен Роналду бірге деректі фильмге түсті

Головкин мен Роналду бірге деректі фильмге түсті
Фото: vesti.kz

Интернетте DAZN стримингтік жүйесінің "Параллель әлемдер" атты деректі фильмінің трейлері жарық көрді. Фильмге боксшы Геннадий Головкин мен футболшы Криштиану Роналду түскен. 

Жаңа жобада спорт аңыздарының ұқсас жақтарын анықтап, оларың жаттығу жұмысы жайлы айтылады. 

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Геннадий Головкин АҚШ-та Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді.

А. Рысдәулет