1 сағат жүгіруді немен алмастыруға болады?

1 сағат жүгіруді немен алмастыруға болады?

Орта есеппен әйел адам 2000 калория және ер адам 2500 калория өнім тұтынады. Бұл сан салмақ, климат пен өмір салтына байланысты өзгеріп тұрады. Бір сағат жүгіруге шамамен 600 калория жұмсаймынз. Салмақ неғұрлым көп болса, соғұрлым калория мөлшері де жоғары болады. Егер спортпен айналысуға уақытыңыз жоқ болса, онда 1 сағат жүгіруді алмастыратын өзге жолдарды қарап көріңіз. 

1,5 сағат велотренажер = 1 сағат жүгіру
Бір сағат велосипед айдау арқылы сіз шамамен 400 калория құртасыз. Одан бөлек, велосипедті жаз уақытында транспорт ретінде қолдансаңыз болады. Есесіне, табиғатты сақтап қалуға өз үлесіңізді қосасыз.

10 минут салқын су астында тұру = 1 сағат жүгіру
Бұл әдісті спортшылар жиі қолданады. Жаттығудан кейін салқын душ қабылдау тек бұлшық етті қатайтып қана қоймай, артық калорияны құртуға септігін тигізеді. Жылыну үшін ағза өзінің қорындағы энергияны пайдалана бастайды. 18 градустан төмен су астында үш минут отыруға 200 калория жұмсайсыз. Әрине денені үйретпестен бұрын салқын душ қабылдау қауіпті болуы мүмкін. Сол үшін алдағы екі апта бойына салқын су мен ыссы суды алма кезек пайдалану арқылы ағзаңызды жаттықтыруға кеңес береміз.  

2, 5  сағат билеу  = 1 сағат жүгіру
Түрлі би кештерінде немесе сүйікті әншіңіздің концертінде билеу арқылы сіз артық калориядан арыласыз. Ал, музыкалық фестиваль жүгіру марафонын алмастыра алады. 

1,5  сағат бақта жұмыс істеу  = 1 сағат жүгіру
Жер қазу, гүл отырғызу, суару және шөп жұлу да спорттың бір түрі.  Бақта жұмыс істеу арқылы бір сағатта кем дегенде 450 калория жұмсайсыз. 

2 сағат күлу = 1 сағат жүгіру
10 минут қатты күлуге 60 калория кетеді. Өйткені бұл уақытта біздің бұлшық етіміз жиырылады. Сондықтан жиі комедиялық шоулар мен фильмдер қарауға кеңес береміз. Күлкі тек дене сымбатыңызға ғана емес, рухани саулыққа да пайдалы.

4 қорқынышты фильм = 1 сағат жүгіру
Бұлшық еттің жиырылуы, адреналиннің бөлінуі де калорияны керек етеді. Ұлыбританиядағы Вестминстер университетінің зерттеуіне сүйенсек, қорқынышты фильм қараған кезде адам шамамен 150 калорияны жоя алады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?