Алмаз Шарман – медицина профессоры

Алмаз Шарман – медицина профессоры
Фото: anamed.kz

Алмаз Шарман – биомедициналық және медиктік-демографиялық зерттеулер, халықаралық денсаулық сақтау және ауруханалық басқару саласында 30 жылдық тәжірибесі бар түбі қазақ американдық медик-ғалым.

Ол әзірлеген жалпыұлттық репрезентативтік іріктеуді пайдалану арқылы АИВ жұқпасыың таралуын зерделеу әдіснамасы БҰҰ үшін әлемдегі АИВ-жұқтырған адамдардың бағаламалық санын 7 миллионға азайтып, пандемияның масштабтарын қайта қарастыруға, мүмкіндік берді. Оның жетекшілігімен бірқатар елдерде әйелдер мен балалардың арасында анемияның таралуы зерттеліп, бұл анемиямен күрес бойынша және репродуктивті денсаулық саласындағы табысты ұлттық бағдарламаларды әзірлеуде негіз болып алынды.

Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі бола отырып, доктор Алмаз Шарман Джонс Хопкинс Университетінде жұмыс істеді, ал Қазақстанда Ұлттық медициналық холдингке басшылық етті және Назарбаев Университетінің басшыларының бірі болып жұмыс істеп, онда университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің негізін қалады. Бүгінгі таңда доктор Алмаз Шарман Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының президенті және HealthCity клиникалар желісінің қосарлас құрылтайшысы болып табылады. Доктор Шарман дені сау мінез-құлыққа, өмір сапасына және ұзақ өмір сүруге арналған қазақстандық www.zdrav.kz веб-порталы аталатын ақпараттық ресурсты құрды.

Ол, сондай-ақ, www.symptomaster.com технологиялық өнімін –көптеген аурулардың симптомдарын интерпретациялау және пациенттердің одан әрідегі диагностика және емдеу бойынша хабардар шешімдер қабылдауы бойынша тізбектес логикалық шешімдерді құрайтын 100-ден астам алгоритмнен тұратын «смарт медицина» инновациялық өнімін әзірледі. Ол сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының көмегімен ауруларды дифференциялық диагностикалау бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған www.medintel.kz ресурсын әзірлеген.

А. Оралқызы