67 градус аязда 50 шақырымды жүгіріп өткен спортшы

67 градус аязда 50 шақырымды жүгіріп өткен спортшы
Фото: point.md

14 қаңтарда молдавалық экстремал спортшы Дмитрий Волошин температурасы -71 градусқа дейін жететін әлемнің ең суық нүктесі Оймяконда жүгіріп өтті.

Дмитрий 67 градус аязда 50 шақырымды бағындырды. Метеорологиялық деректерге сәйкес, жүгіру кезінде ауа температурасы -67 градусты көрсеткен. Волошин бұл қашықтықты алты сағатта жүгіріп өткен. 


"Бұл менің спорттық мансабымдағы ең қиын сынақ болды. Бейне бір ғарышта жүргенге ұқсайсың – өте суық, ауа жетпейді. Ешқандай киім сені мұндай суықтан құтқара алмайды. Жүгіру кезінде бетімді үсік шалмады деп ойлаймын. Дем алу өте қиын болды. Себебі ауа құрамында оттегі аз, бетпердені мұз жауып қалды. Сондай кезде маған оттегіні ұстап тұратын дайверлік тәжірибем көмектесті", – дейді спортшы. 


Қайырымдылық жобасының басты мақсаты  балалардың сал ауруына жұртшылықтың назарын аудару.

Т. Раушанұлы