"Патшайым мүсіні": Арқаны тік ұстауға қажетті жаттығу қандай?

"Патшайым мүсіні": Арқаны тік ұстауға қажетті жаттығу қандай?
Фото: fitnessacademy.com.ua

“Арқаңды тік ұста!” Соңғы уақытта бүкірейіп жүруге бейім адамдардың саны артып келеді. Бірі оны ішкі комплекспен байланыстырса, енді бірі арқаға ілетін ауыр салмақты сөмкемен де байланыстырып жатады. Бүкірею омыртқаның қисық бітуіне және адамның дене сұлулығының бұзылуына алып келеді. Бүгін сіздерге “патшайым мүсіні” деп аталатын жаттығу түрін ұсынамыз. Ол сіздің небәрі бес минут уақытыңызды алады. Есесіне, арқаңызды тік ұстап, жауырынға жиналған тұздан арылуға септігін тигізеді. Бұл әдісті ойлап тапқан – жапониялық дәрігер Тошики Фукуцудзи. 

Сізге керек:
• Тегіс әрі қатты жер және спорт кілемшесі.
• Қалың орамал. Оны орап, екі шетін буыңыз. Ересектерге арналған түйіннің алғашқы диаметрі – 10-12 сантиметр. Араға уақыт салып, диаметрді үлкейте түсіңіз.
• 5 минут бос уақыт.

Қалай орындайды?
Кілемшеге отырып, түйіншекті беліңіздің тұсына қойып, байыппен жатыңыз. Түйіншектелген орамалдың орта тұсы кіндігіңіздің орналасу аймағына сай келуі тиіс.
• Аяғыңызды иығыңыздың жалпақтығына сәйкес орналастырып, басын қосыңыз.
• Қолыңызды созыңыз да алақаныңызды төменге қаратыңыз, кішкентай саусақтарыңызды біріктіріңіз.
• Басыңызды тік ұстап, денеңізді босатыңыз.
• Осы қалпыңызды сақтап бірнеше минут жатыңыз.
• Енді ішіңізбен кілемше жатыңыз да, түйіншекті алып тастаңыз.
• Төрт аяқтап тұрыңыз да, арқаңызды тік ұстаңыз.
• Орныңыздан баяу тұрыңыз.
арқаға арналған жаттығуЖаттығуды жасап бастаған сәтіңізде жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін. Арқаңыз, қолыңыз, аяғыңыздың сіңірі созылатындықтан, ауырсыну міндетті түрде туады. Сондықтан, басында 1-2 минут жатыңыз, кейін уақытты 5-10 минутқа дейін ұзартыңыз.

Омыртқаңыз жаттығуға бейімделген кезде басқа да жолдарын қарастыруға болады:
• Қабырғаңыздың астыңғы тұсына түйіншекті салу арқылы беліңіздің мүсіні қалыптасуын тездетеді.
• Жауырын тұсына салу арқылы омыраудың өз қалпын сақтап қалуына әсер етеді.

Жаттығу қалай әсер етеді?

• Жамбас сүйегі мен омыртқа таза салмағының арқасында қабырға өзінің қалыпты жағдайын сақтайды. Ішкі ағзалар өз орнына түседі, жиырылған бұлшық еттер тартылып, омыртқа созылады. Тыныс алу дұрысталып, өкпенің жұмысы реттеледі. Алдымен, арқаны тік ұстағандықтан іш тартылып, белдің пішіні қалыптасады. Сонымен қатар, арықтауға септігін тигізеді. Өйткені, зат алмасу үрдісі қалыпқа келеді.

Нәтижесі қандай?
Нәтиже бірнеше күннен соң байқала бастайды. Бірнеше аптадан соң:
• Арқаңызды тік ұстайсыз;
• Бел мүсіні пайда болады;
• Өзіңіздің жақсы сезіне бастайсыз;
• Омыртқа дисктерінің арасы ашылып, қимылыңыз ширақтала бастайды;
• Арқаңыздың ауруы басылады.

Жағымсыз әсері бар ма?

• Жүкті;
• Ісік ауруына шалдыққандар;
• Омыртқасынан қатты жарақат алғандар;
• Сүйектің сынығы мен сіңірлердің созылуы бар адамдарға болмайды. Сонымен қатар, арнайы маманмен ақылдасып арқылы жасалуы тиіс.

Бұл арқа мен омыртқа жұмысын жақсартуға арналған жаттығу жиынтығының бір ғана бөлігі. Кейде дұрыс жату мен дұрыс шешім қабылдау – ағза жұмысын екі есе жақсартады. Өзіңіздің әсеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Т. Есқали