- Негізгі бет
- Спорт
- Қысқы Олимпиадаға қатысатын...
Қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны белгілі болды
Алдағы ақпан айының 9-25 күндері Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді.
95 мемлекеттен 2900 спортшы қатысады деп болжамдалған бұл шараға Қазақстан Ұлттық құрамасы да күн жақындаған сайын дайындықтарын пысықтап жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің хабарлауы бойынша, біздің құраманың Олимпиадаға қатысуға ұтып алған жолдама саны анықталды. Ұлттық құраманың қанжығасында 57 жолдама тұр. Саралап айтар болсақ:
• Биатлоннан – 10;
• Шаңғы жарысынан – 7;
• Тау шаңғысынан – 2;
• Шаңғы спортынан – 1;
• Конькимен сырғанаудан – 12;
• Мәнерлеп сырғанаудан – 3;
• Шорт-тректен – 12;
• Фристайл-могулдан – 4;
• Фристайл-акробатикадан – 5;
• Трамплиннен секіру – 1.
Олимпиада ойынын ең бірінші болып биатлоншылар бастамақ. Олай дейтініміз, жоспар бойынша мылтық артқан шаңғышылардың келуі 1 ақпанға белгіленген.
А. Қажиев