Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова инстаграм-парақшасында әсерлі жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер ананың балаға деген махаббаты жайлы сөз қозғады.
"Әрбір ананың, өз баласына деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі ол сенің 62 тамырыңды жарып шыққан перзентің, өміріңнің жалғасы! Сол себепті де ешбір ананы Алла перзентінің ауыртпалығымен сынамасын! Өмірімнің бір бөлшегі менің оқырмандарым, әсіресе аналар, көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын", - деп жазды продюсер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз