“Сотталған адам бұрынғыша болмайды“. Мейіржан Төребаевтың әйелі сырын айтты

“Сотталған адам бұрынғыша болмайды“. Мейіржан Төребаевтың әйелі сырын айтты
Фото: Caravan.kz

Блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуінің түрмеден кейін қалай өзгергені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер, кәсіпкер әйел бұл туралы Әсел Сәдуақасоваға берген сұхбатында айтқан. 

"Жалпы түрмеге отырып шыққан адам не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгереді деп жатады ғой. Иә, сотталған адамның бұрынғыдай болмайтыны белгілі. Мейіржан да қатты өзгеріп кеткен. Табиғатынан мықты, қайсар, жігерлі адам еді ғой. Сол болмысы беки түскен сияқты. Жиі ойланады. Қасындағы адамдардың басынан кешкен оқиғаларын естіп, сараптама жасап, ой түйген екен. Кітап оқығандай етіп айтып отырады", - деді әйелі.

Еске салайық, Алматыда Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысы бар 12 адам сотталған болатын. Олардың қатарында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та бар. 

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") кінәлі деп танылған еді.

Сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева