Сот блогер Мұрат Әбділдаға тағайындалған жазаны қатаңдатты

Сот блогер Мұрат Әбділдаға тағайындалған жазаны қатаңдатты
Фото: Видеодағы кадр

Түркістан қалалық соты TikTok блогері және әнші Мұрат Әбділдаға тағайындалған жазаны қатаңдатты. Осылайша, Әбділда екі жылға қамауға алынып, жазасын түзеу мекемесінде өтейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Мұрат Әбділда бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, кейін пробациялық бақылауға ауыстырылған болатын. Алайда, түнгі уақытта пробация қызметкерлері үйіне тексеріспен келгенде, ол үйінде болмаған. Бұл пробация талаптарын бұзу ретінде бағаланып, жазаны қайта қарауға негіз болды.

Айта кетейік, Мұрат Әбділда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет
Logotype Massaget