Күзде көпшілік тұмаумен ауырады. Алайда айналаңызда "соңғы рет қашан ауырғаным есімде жоқ" деп мақтана алатын адам бар шығар. Көп ауырмайтын адамдар қандай өмір салтын ұстанады? Олардың негізгі әдеттерін ұсынамыз.
Су көп ішеді
Суды көп ішу керегі жайлы дәрігерлер де, жаттықтырушылар да, мамандар да айтады. Бірақ біреулер үшін су ішу режимін ретке келтіру оңай емес. Десе де, бауыр, бүйрек және иммунитеттің дұрыс жұмыс істеуі ылғалдың жеткілікті мөлшеріне байланысты.
Егер судың құр өзін ішуге қиналсаңыз, оған цитрусты жемістер, жидектер, жалбыз қосып ішуге болады. Сондай-ақ не істесеңіз де, қасыңызға суы бар бөтелке қойып қойыңыз. Сонымен қатар су ішу керегін еске салатын қосымша жазып алуға болады.
Ұйқыны қандырады
Адам ағзасы циркадты ырғақ бойынша өмір сүреді, яғни нақты уақытта аштық, ұйқы, белсенділік үшін жауап беретін гормондар бөлінеді. Егер демалыс кестесі бұзылса, гормонды тепе-теңсіздік орнауы мүмкін. Ал онымен бірге иммунитет төмендеп, әлсіреп кетеді. Әсіресе суық мерзімде жеткілікті ұйықтау маңызды. Себебі бұл уақытта ағза күн жетіспеушілігін сезіп, әлсіз бола түседі. Дұрыс ұйқы ағзаның жылдам қалпына келуіне және жұқпалармен күресуіне көмектеседі.
Күнделікті алма жейді
Осы жеміс түрін жақсы көретін адамдар азырақ ауырады екен. Алма темірге бай. Ол гемоглабин деңгейін сақтауға, яғни, күні бойы сергек және белсенді жүруге көмектеседі.
Бөлмені жиі желдетеді
Тіпті, ауырып қалсаңыз да терезені мүлдем ашпай отыруға болмайды. Көпшілік бактерияны күн көзі мен оттегі жояды, сондықтан үйде де, кеңседе де сағатына бір рет терезені ашып, желдетіп алған дұрыс. Егер дала қатты суық болса, келесі бөлмеде отыра тұрыңыз.
Көкөністер жейді
Диетологтар күніне 400г көкөністер жеуге кеңес береді. Өсімдік жасұнығы сау ішекті қалыпта ұстайды. Ал иммунитет көбіне ішек жағдайына байланысты. Оған қоса, көкөністер – дәрумендердің негізгі көзі.
Медитация жасайды
Йога жаттығулары мен қалыптарын жасау міндетті емес. Күніне 10-15 минут босаңсуға және тынышталуға уақыт бөлу жеткілікті. Тыныс алу жаттығуларын жасауға болады. Себебі олар күйзелісті түсіруге және ағзаны қатайтуға көмектеседі.
Қуанады
Эндорфиндер мен дофамин ағзаның барлық жүйесін қатайтуға көмектеседі. Сондықтан күнде жағымды эмоциялар алу маңызды. Ол үшін сізді қуантатын нәрселер тізімін жасап, күнде сол тізімнің ішінен біреуін орындауға болады.