Актер, кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Асанәлі Әшімов пен композитор Ілия Жақановтың Атырауда кездескен сәтін көрсетті.
"Қос могиканның соңғы кездесуі. Атырау қаласында жақсы шер тарқатар кеш болып еді. Айтар әңгімелеріңіз көп еді... Әттең...." - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов - кино және театр актері, режиссері, театр педагогі, профессор, Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі болған.
Еске салайық, 21 желтоқсанда қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов қайтыс болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz