- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сөмкесі - 18...
"Сөмкесі - 18 миллион теңге". Байер қазақстандық блогердің бір образы қанша тұратынын есептеді
Байер Жансая Махабаева қазақстандық блогер Рамина Таипованың бір образы қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байердің сөзінше, блогердің бір сөмкесінің өзі 18 миллион теңге тұрады.
"Көйлегі 125 мың теңге, аяқ киімі шамамен 400 мың теңге. Сөмкесі 18 миллион теңге. Әшекейлеріне көшейік: сағаты 7,5 миллион теңге, білезігі 6 150 000 теңге, тағы бір білезігі 4 325 000 теңге, тағы бір білезігі 15,7 миллион теңге. Жүзігі 1 225 000 теңге, тағы бір жүзігі 5,5 миллион теңге.
Ал сырғасы 6 миллион теңге. Тағы бір сырғасы 2 175 000 теңге", - дейді байер.
Жансая Махабаеваның сөзінше, блогердің бір образы 75 миллион теңге болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина