Тележүргізуші Айкерім Есенәлі "Көзқарас" подкастында қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізушінің айтуынша, алыстан қарым-қатынаста болу дұрыс емес.
"Әнуар - Астанада, мен Алматыда болдым. Алыстан қарым-қатынас - қарым-қатынас емес. Маған кейде қыздар "ол ана жақта, мен мына жақта, ол мені қатты жақсы көреді, түнде жеттің ба деп хабарласып тұрады" деп айтады. Бұл қамқорлық емес. Бұлай адамды тани алмайсыз. Мен енді соқыр болып күйеуге тидім демеймін. Бірақ бәрібір де алыстан қарым-қатынас - қарым-қатынас емес. Тек романтика болады. Тек жақсы жағы болады. Тек сағынысу, көрісу болады. Алайда күйеуге шығатын адамыңды жан-жақты, 360 градусқа танып шығу керексің. Дағдарыста өзін қалай ұстайды, қаржылық сауаттылығы қандай, агрессиясы қандай, жанжалдан қалай шығады? Осының бәрін көру үшін ол әртүрлі өмірлік жағдайларда сенің жаныңда жүру керек. Оны жақсылап тану керек. Осылайша, жеке өмір бізде қашықтан болды. Ол кезде менің жұмысым дамып, көлікті жаңасына ауыстырып, Дубайға жиі барып жүрген кезім. Сондықтан осылай жүрген маған да ыңғайлы болды. Содан кейін біз үйлендік", - деді ол.
Айкерім Есенәлі 2022 жылы күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген болатын. Ол ажырасудың себебін айтқысы келмейтінін жеткізді.
"Ажырасудың себебін айтпай-ақ қояйын. Альтуристік көзқарастардан қазір айтуға құқығым жоқ. Мен ешкімге зиянымды тигізгім келмейді", - деді тележүргізуші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!