Скрининг ауруды ерте анықтап, асқындырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қауіп факторларын анықтауға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақсатты топтарға кіретіндер:
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдерге артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтау үшін.
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдерге, динамикалық бақылауда тұрмайтындарға артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтау үшін.
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы динамикалық бақылауда тұрмайтындарға глаукоманы ерте анықтау үшін.
- 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдерге (жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін.
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдерге (сүт безі қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) сүт безі обырын ерте анықтау үшін.
- 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдерге (тоқ ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) колоректалды обырды ерте анықтау үшін.
Скринингтен қалай өтуге болады?
Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаға жүгіну керек. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скрининг кабинеттері бар. Жеке куәлікті алып бару қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова