Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі денсаулығы қалай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жариялады. Онкология дертіне күдік болуы мүмкін екенін алға тартып, Түркияға арнайы ем-дом қабылдауға барғанын жеткізген еді.
"Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген.. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер. Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін "соңғы күн" секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат. Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр! Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде.. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды", - деп жазды Фариза Төреәлі.
Желі қолданушылары денсаулық тілеп, пікір қалдырды.
"Аллаға шүкір, аман болыңыз, жатсақта тұрсақта уайымдап кеттік қой", "Алла ұлық. Барлық ауырып жатқан жандарға Алла тағала шипасын берсін", "Қуанышыңа ортақпын, естігенде уайымдап едім, Аллам өмір жасыңды ұзақ берекелі қылсын", "Қалай күшті, аман болыңыз", -деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлі онкологоиялық ауруға күдік бар екенін айтып, Түркияға емделуге кеткенін жеткізген еді. Артынша ол отаның қалай өтеніні туралы айтты. Фаризаның сіңлісі Дина Төреәлі әпкесінің ауруы туралы жазба жариялады. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!