Әлеуметтік желіде ерекше видеосымен көпшіліктің назарын аударған ақтаулық жасөспірім қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жайылып жүрген сиырлардың арасында танымал биді билеп, желі қолданушыларының ықыласына бөленген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео трактордың үстінен түсірілген. Кадрдан ауылдың күнделікті тіршілігі мен жайылып жүрген малды көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео аз уақыт ішінде миллионнан аса қаралым жинаған. Желі қолданушылары жылы пікір жазып, ауыл өмірінің шынайы көрінісіне тәнті болғанын жеткізген.
Кейбіреулер әзілдеп, осы биден кейін трендті тоқтатуға болатынын айтқан:
"Күшті шыққан, өтті", "Ең әдемі табиғат", "Мына трендке тау керек емес екен ғой, ниет болса болды", "Ұялмай билеп тұрғанының өзі", "Осылай нүктесін қойып тасташы", "Трендті жабу керек сияқты", "Болды, трендті жабыңдар. Бас жүлде осы балаға берілсін".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова