Әли Оқапов Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында әнші үшін ең қорқынышты нәрсе не екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, әнші үшін ең қорқыныштысы - дауысынан айырылып қалу.
"Ондай оқиға болды, бар. Дисфония деген ауру. Осыдан 6 жыл бұрын басталды. Әлі де бар. Онымен жұмыс істеп жатырмын. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келе жатыр. Сонымен ән айтуды үйреніп алдым. Ол - өте сирек кездесетін ауру. Қайдан шыққаны белгісіз. Көбі "психологиялық тұрғыда күйзелістің нәтижесі" дейді. Кейбір адамдарда жұмыс бөлек, отбасы бөлек, жеке өмір бөлек. Ал менде бәрі бір: отбасым, махаббатым, жұмысым, достарым, өмірім - өнер. Кез келген мәселе бірден бәріне тиеді. Жеке өміріме байланысты сондай үлкен мәселе болды. Бірақ жұмысыма, отбасыма - бәріне әсерін тигізді", - деді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!