Синоптиктер үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"10 қарашада Атырау, Алматы, күндіз Жезқазған қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз