- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Шыныңды айт, аспаннан...
"Шыныңды айт, аспаннан жерге түс". Меруерт Түсіпбаева әріптесі Азамат Сатыбалдыны сынады
Шәкен Айманов атындағы"Қазақфильм” киностудияның аумағын қытай көліктерінің тұрағына айналдырды деп басы дауға қалған актер Азамат Сатыбалдыға әріптесі Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде өткір пікір айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол актерді қытайларға қақпаны ашқаны үшін сынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кезінде, Азамат Сатыбалды, Есентаеваның "Баян сұлу - Қозы Көрпеш" сериалын сынағанымда, мені "хайп қуып отыр" деп сұхбат беріп едің! Ақыры ол сериалды көрсетуге тыйым салынды. Енді, "КТК"- ға сұхбат беріп , "Мен өзімді сатам ба, оны өзім білемін" депсің , "пажалыста", өзіңді сат! Қара шаңырақтан қолыңды тарт! Менің атам, Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың ауласын "қытайдың көліктеріне толтырам ба, оны жарнамалаймын ба, өз еркім" депсің! Қытай көлігін кіргізгенің – қақпаны қытайларға ашқаның! Ойлан, баста дәурен тұрмайды, бауырым. Асыра сілтеме! Қаншама "крышам плотный" дегендер абақтыда отыр. Арыстанбектің өміріне үңіл. Сенен бұрын да "Қазақфильм" болған, Қытайдың көліктерін аулаға қоймай-ақ күн көрген. Қолыңнан келмесе, орынды босат! Өз еркің содан кейін, Қытайдың көлігін сат, өзіңді сат. Тек арыңды сатпа, бауырым! Ақша табылады ғой, абырой қымбаттырақ! "Қазақфильмнің" тұрған жері мықты, талай ашкөз үй саламын деп көз тігуде, ол да бар. Кім біледі? Қай мақсатпен Азамат Сатыбалды қара шаңырақты қытай "автобазарына" айналдырып отыр?! Сұрақ көп, сен "Қазақфильмді" құрдымға кетіріп, бай-бағландар үй, вилла салу үшін келдің бе? Шыныңды айт, аспаннан жерге түс!" –деп ашуланды Меруерт Түсіпбаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы