- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Шын тұлпар". Айтыскер...
"Шын тұлпар". Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға жерлестері ат мінгізді
Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға жерлестері ат мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақын әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан болатын.
"Қазақтың қазақтығы – қанында, мінезінде. Ал адамның адамдығы – жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дархан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, ШЫН тұлпар мінгізді!
Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар!", - дейді Айшолпан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Құрметің арта берсін, алтыным"
"Шын тұлпарың да, жыр тұлпарың да сүрінбесін!"
"Өзіңде сәйгүліктің тұяғындай тоқтамай шаба бер!"
"Тұлпарың құтты болсын, өзің де ақындық жолыңда бағың жана берсін!", - дейді айтыкердің оқырмандары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина