Шымкенттік балуан тісімен автобус сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

Шымкенттік балуан тісімен 17 тонналық автобус сүйреп, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі almaty.tv-ға сілтеме жасап.

52 жастағы Артық Досалиев жолаушылар көлігін 20 метрге дейін сүйреп өткен. 17 тонналық автобусты қолмен емес, тісімен қозғау үшін спортшы жарты жыл бойы арнайы дайындалған. Қара күш иесі бұл трюк аса қауіпті екенін айтады. Сондықтан жастарға мұны қайталауға кеңес бермейді.

"Жастарға бұл трюкті қайталауға кеңес бермеймін. Өте қауіпті трюк. Тісімнің бәрі бүтін, өзімдікі болғаннан кейін стоматологтармен кеңесіп, рентгеннен өтіп, тіске ешқандай зиян келмейтіні жөнінде анықтама алдық. 17 тоннадан үлкен автобус жоқ деп ойлаймын. Одан біреулер асып жатса, тағы да жасаймыз. Әлемде бірінші болуға тырысамыз", - деді пауэрлифтингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы Артық Досалиев.

Артық Досалиев әлемдік төрт рекордты жаңартқан. Бұған дейін Ресей, Украина және Мысыр спортшылары осындай ауыр көліктерді сүйреп, үздік нәтиже көрсеткен. Алайда шымкенттік балуан олардың барлығынан асып түсті.

Ол бұл жетістігін қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арнады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!