- Негізгі бет
- LifeStyle
- көпбалалы ана
Шымкентте 34 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді
Шымкентте 34 жастағы Әзиза Әлиева оныншы баласын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.
27 қараша күні Зубаир есімді батыр бала дүниеге келді.
"Жүктілік жақсы өтті, нәресте өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлерге рақмет, бәрі келіп, тексереді. Бала күтімі жоғары деңгейде", - дейді Әзиза Әлиева.
Бұл көпбалалы ананың 14-ші жүктілігі. Үйде Әзиза мен жаңа туған нәрестені бес ұлы мен төрт қызы күтіп отыр.
Дәрігерлер ана мен баланың жағдайының тұрақты екенін айтты.
"Босанған әйелде бұрын екі кесарь тілігі болғанын ескерсек, операция сәтті өтті. Бала салмағы - 4940 грамм, ол 38 аптада дүниеге келді. Қазір ол неонатолог-дәрігерлердің бақылауында, әйелдің жағдайы тұрақты", - деді акушер-гинеколог Жанар Омарова.
Жыл басынан бері Шымкент қалалық перинаталдық орталығында 7 517 бала, оның ішінде 707 - шала туған, 96 - егіз және 13 - үшем дүниеге келді.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар өсетінін жазған болатынбыз. Оның ішінде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар да бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова