“Шымкентке өкпелі ме?“ Нұрболат Абдуллин 19 қалада концерт береді

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин Қазақстанның 19 қаласында жеке концерт өткізеді. Алайда олардың қатарында Шымкент қаласы жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жеке концертін беретін қалалар тізімін жариялады.

Атап айтсақ, Нұрболат Абдуллин Тараз, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Орал, Ақсай, Талдықорған, Семей, Өскемен, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Петропавл және Көкшетау қалаларында 5 қазан мен 13 қараша аралығында жеке кешін өткізуді жоспарлап отыр. 

Бұл қалалардың қатарында Шымкент қаласының болмауы тыңдармандар арасында дау туғызды. 

"Шымкенттен қорқа ма дедім...", "Шымкент неге жоқ, өкпелі ме?", "Шымқала қайда?", "Неге Шымкент жоқ", "Шымкенттен аттап кетесіз бе?", "Менің қалам жоқ, ол - Шымкент" деп пікір жазып жатыр тыңдарман қауым. Ал Нұрболат Абдуллиннің Шымкентте концерт беріп-бермейтіні туралы жауап жазылмады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз