26 жастағы Иордания ханшайымы күйеуі ретінде қарапайым қаржыгерді таңдап, Америка Құрама Штаттарына көшуді жоспарлап отыр.
Хашимит хан сарайы Иман бинт Абдулла II ханшайымның Джамеил Александр Термиотис мырзамен бас қосқанын хабарлады. Ханша Ранияның қызы Нью-Йоркте тұратын қарапайым қаржыгерге тұрмысқа шығуға бел буған. Жас жігіт 1994 жылы Венесуэланың Каракас қаласында дүниеге келген. Ол қалыңдықтан екі жас үлкен.
Рания ханша ғашық жұптың ресми неке фотосын жариялады. Көпшілік қалыңдықтың платина мен гауһар тастан жасалған неке жүзігіне назар аударды.
Өздеріңіз білетіндей, жұп Нью-Йоркке көшуді жоспарлап отыр. Дегенмен, Иман үшін АҚШ үйреншікі мекен, себебі ақсүйектер ұрпағы Вашингтондағы Джорджтаун университетін бітіріп, студенттік жылдарында үйіне тек мерекелерде барып тұрған.