Құда түсуге формасымен барған полиция қызметкері әлеуметтік желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қазанда Шу қаласы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы үзіліс уақытында қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген. Бұл іс-шараға ол полиция формасымен барған.
"Осындай ерекше күнде нысанды киімде болу мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта мен балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсететін боламын", - деді жас офицер.
Шу аудандың Полиция басқармасы мәліметінше, ол бұл әрекеті арқылы заң бұзбаған.
"Лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде заңбұзушылықтар жоқ, ол түскі үзілісін пайдаланған. Қызмет етіп жүргеніне қысқа мерзім болғанына қарамастан, учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды, ол әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды", - деді Шу АПБ бастығы Асхат Алметов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз