ШҚО-да 70 жастағы әже 30 келілік қошқарды 40 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды

Шығыс Қазақстан облысында 70 жастағы әже 30 келілік қошқарды 40 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Қасым Қайсенов ауылында өткен іc-шара барысында қатысушылар күш сынасқан. Қонақтар 30 келілік қошқар макетін көтеруге ерекше қызығушылық танытқан. 

Бұл сайыста 70 жастағы әже ерекше көзге түскен. Ол салмағы 30 келі болатын макетті 40 рет көтеріп, көрермендер мен басқа қатысушыларды таңғалдырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз