Әдетте ішке май дұрыс тамақтанбағаннан және қозғалыстың жоқтығынан жиналады. Алайда оның басқа да себептері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біріншісі - созылмалы ұйқысыздық және күйзеліс. Толыққанды демалыссыз ағза "аштық гормоны" - грелинді өңдейді. Күйзеліс кезінде де солай болады.
Екіншісі - лептинге сезімталдықтың төмендеуі. Лептин - тоқтық гормоны, ол майлы тінде өңделеді. Оған деген сезімталдық төмендесе, адам тойып тұрса да, тамақ жей береді.
Үшіншісі - етеккір үзілісі (менопауза). Әдетте 45-50 жаста әйелдердің етеккірі тоқтап қалады, ал ол эстроген өңдірісінің төмендеуімен қатар жүреді. Сондықтан ағзадағы зат алмасу процестері бұзылады.
Төртіншісі - іштің кебуі (метеоризм). Газ көп түзілетін адамдардың іштері үлкейіп кетеді. Ұннан жасалған өнімдер, бұршақтылар, майлы, сүтті өнімдерден және газдалған сусындардан бас тартып көріңіз.
Бесіншісі - ауыр спорт. Адам қатты шаршағанша жаттықса, ағза әлсізденеді. Мұндай жағдайда ағза қалпына келмейді және "өзін-өзі сақтау" режимін қосады. Бұл кезде іштің төменгі жағына май жиналады.
Оқи отырыңыз: Іштегі майдан арылуға көмектесетін 3 сусын аталды
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз