Ағзаға пайдалы кейбір қоректік заттар қыздырылған кезде ыдырап кетуі мүмкін. Ал көкөніс шикі болса да, піскен болса да, артықшылығын жоғалтпайды. Сондықтан көкөністі дайындаудың екі түрін де ұстанған дұрыс. Бұл туралы диетолог Мишель Рутенштейн айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yahoo Life-қа сілтеме жасап.
"Пісіру кейбір дәрумендер мен минералдарды биожетімді ете алады. Себебі пісіру кезінде өсімдік тағамдарының жасушалық қабырғалары ыдырайды, бұл белгілі бір қоректік заттардың ағзадаға сіңуін жеңілдетеді", - дейді диетолог.
Мысалы, брокколиді пісіріп жеу - созылмалы аурулардың, соның ішінде онкологияның қаупін азайтуда маңызды рөл атқаратын сульфорафанның қолжетімділігін арттыруы мүмкін.
Сәбізді пісіріп жеу - көру, иммундық жүйе және терінің саулығы үшін қажетті А дәрумені өндірісіне ықпал ететін сіңірілген бета-каротин мөлшерін арттыра алады.
Маманның айтуынша, көкөністерді жеу форматын таңдау сіз қандай тағамнан не алғыңыз келетініне байланысты таңдаған жөн.
"Шикі қызанақтың құрамындағы С дәрумені пісіру процесінде айтарлықтай төмендейді, бірақ, мысалы, томат тұздығында биожетімді антиоксидант ликопен едәуір көп", - деп түсіндірді диетолог.
Сонымен, диетада піскен жеміс пен шикі жемісті тұтынуды қатар алып жүрген дұрыс.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз