Актер Жахан Отарғалиев ендігі тойы қайда өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Менің болашақ тойым мына қонақүйлердің бірінде болады. 20-30 адам Умра жасайды, сосын той болады. Қандай той болатыны белгісіз. Тойымды шейхтің балалары сияқты істеймін", - дейді ол.
Сондай-ақ, актер өзіне қатысты қауесетке жауап берді.
"Сапардан келген соң бірінші естігенім "Жахан енді кино түсірмейді" деген өсек болды. Ренжімеңіздер, еще как түсіремін. Ең қызығы, сіздерге тегін көрсетемін. Бұйырса түсірілім бастаймыз. Керемет тақырып қозғаймыз", - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!