- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ішек таяқшасы мен...
"Ішек таяқшасы мен пневмония жұқтырады". Ас үйдегі ең қауіпті зат аталды
Честер Университетінің денсаулық ғылымдары бағдарламасының жетекшісі, доктор Гарет Найттың айтуынша, ас үйдегі ең лас зат - үстелдерді сүртетін шүберек. Өйткені, ол үнемі тамақпен, маймен және әртүрлі лас заттармен байланыста болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Шүберекті қолданып болған соң оны шұңғылшада қалдырамыз. Оны жақсылап суға шайсаңыз да, онда бәрібір тамақтың ұсақ қалдықтары қалады, ылғалдың арқасында микробтар да көбейе түседі.
Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес, ас үй шүберектерінен әртүрлі бактерияларды табуға болады.
- E coli - диарея, қалтырау, іштің құрысуы, жүрек айну және құсуды ынталандырады.
- Pseudomonas aeruginosa - тыныс алу жеткіліксіздігіне, шокқа әкелуі мүмкін.
- Сальмонелла - диарея, қалтырау, іштің құрысуы. Алтын стафилококк - қанайналымға түскенде қан инфекциясын, пневмония немесе сүйектер мен буындар инфекциясын тудыруы мүмкін.
- Enterobacter - бұл зәр шығару жолдарының инфекцияларына, респираторлық ауруларға әкеледі.
- Klebsiella - зәр шығару жолдарының инфекциялары, респираторлық аурулар.
- Bacillus subtilis - құсу және диарея.
"Барлық бактериялар жастардың да, егде жастағы адамдардың да денсаулықтарына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Оған қоса, адам инфекцияларға бейім бола түседі. Бактериялар матаның ылғалдылығына қарай әртүрлі қарқынмен көбейеді", - деп түсіндірді сарапшы.
Оқи отырыңыз: Қара шай ішуді доғарсаңыз не болады?
А. Жапатова