Соңғы кездері еліміздің бірнеше өңіріндегі тұрғындарды шекірткенің қаптап кетуі мазалауда. Біз үшін шегірткелер - бау-бақша мен егін-шөпті отап, зор залал келтіретін зиянкес жәндіктер. Алайда шегірткенің де түр-түрі бар. Ендеше, Massaget.kz шегірткелер жайлы қызықты деректер ұсынады.
Бұл нағыз шегірткелер тұқымдасынан (лат. Acrididae) шыққан үлкен бунақ аяқты жәндік. Бүкіл әлемде шегірткелердің он мыңнан астам түрі кездеседі. Бұл ашкөз жәндіктер өсімдіктердің ең үлкен зиянкестері болып саналады. Шегірткенің үлкені де, кішісі де бар. Түрі көп. Кейбірінің ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді.
Шегірткенің негізінен екі түрі болады: бірі – жалғыз, салт жүретін шегірткелер, екіншісі – үйірмен жүретін шегірткелер. Жалғызбасты шегірткелердің тәбеті қатты емес: олар қалыпты тамақтанады. Мұндай бір шегіртке өмірінде тек 300г өсімдік тағамдарын жеуге қабілетті. Бірақ ол үйірге қосылса, оның әрекеті түбегейлі өзгереді. Шабуыл кезінде шегірткелер ашкөзденіп, жолындағы барлық нәрсені жейді. Олар кез-келген өсімдікті жейді: қамыс, дәнді дақылдар немесе жеміс бақтары, жүзім екпелері және үйлердің саман шатырлары.
Тік қанаттылар - құмырсқалардан кейін ең көп желінетін жәндіктер. Шегіртке ақуызға бай. Африка елдерінде оны қуырады, шелпекке араластырады. Араб әйелдері бірнеше ғасыр бұрын шегірткеден 20 шақты тағам дайындай алатын болған. Аспаздық рецепттер ингредиенттердің жетіспеушілігіне байланысты өзектілігін жоғалтты.
Калифорнияда шегіртке шапқыншылығы кезінде мерекелер ұйымдастырылды. Ұсталған жәндіктер маринадқа малынған, олардан сорпалар дайындаған. Жапондар шегірткені соя тұздығына маринадтаған және қуырған.
Қытайда ағаш таяқшаға кигізіліп қуырылған шегіркелер сатылады.
Мексикада, әсіресе оңтүстік аймағында қуырылған шегірткені шелпекке орап сатады.
Кей аспаздар шегірткені тірілей дайындау керек деп санайды, әйтпесе ол ащы дәм беруі мүмкін. Гурмандар шегірткеден дайындаған тағамның дәмін піскен шаян немесе қуырылған каштанға ұқсатады.
Шегірткені вегетариандарға жеуге болады деп саналады, себебі ол етке де, балыққа да жатпайды.
Мексика немесе Қытайда қуырылған шегірткені көше саудагерлерінен сатып алуға мүмкіндік болса, кей Батыс елдерінде шегірткемен дайындалатын тағамдарды қымбат мейрамханаларда ғана сатады. Себебі ол деликатес болып саналады.
Еске салайық, биыл еліміздің бірнеше өңірінде шегіртке қаптап кетті. Үкімет шегірткелермен күресуге қыруар қаржы бөлді.
"Табын шегірткелерімен күресу үшін республикалық бюджеттен алдын ала 4,2 миллиард теңге бөлінді. Онымен қоса, үкімет резервінен қосымша 3,9 миллиард теңге бөлінді", - деді Дархан Әбдікәрімов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!