Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы ерекше тәсілмен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың портретін салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол үшін суретшіге конькидің өткір жүзі және кілем қажет болған.
"Осы тарихи сәтті еліміз үшін мәңгілікке бейнелеп қалдырдым", - деп жазды суретші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарында кейінгі 32 жылдағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!