Шай - құрамында майлар, ақуыздар мен көмірсулар бар толыққанды өнім. Бұл туралы эндокринолог Наталья Новикова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шай - өсімдік өнімі. Оның құрамында көмірсулар, майлар және ақуыздар бар. Олар өте аз мөлшерде, бірақ бар", - деді ол "РИА Новостиге" берген сұхбатында.
Сонымен қатар, аш қарынға ішілген шай су сияқты денеден артық ферменттерді кетіруге және ұйқыдан кейін ас қорытуды ынталандыруға көмектесе алмайды.
"Аш қарынға ішілген су ас қорытуға қатыспайтын ферменттердің бөлінуіне себеп болады. Олар ағзадан сумен бірге кетеді, одан кейінгі таңғы ас толық қорытылады", - деді дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін танымал нутрициолог Мира Панова күнделікті қара және көк шай ішу қаншалық пайдалы екенін, олардың ағзаға әсерін және қандай шай түрлері зиян болуы мүмкін екенін айтты.
Нутрициолог күніне 2-3 шыны шай ішуді ұсынды, әсіресе, жапырақ қосылған шайға басымдық берген дұрыс. Себебі жапырақ қосылған шайда белсенді заттар көбірек сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!